Жаңалықтар

«Қазақтың рухын көтеретін уақыт келді»: Омар Жәлел қазақтың бас биі болып сайланды (ВИДЕО)

Бірауызды болайық. Маған үміт артқандарыңызға рақмет!

Sn.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Абайтанушы, ғалым Омар Жәлел Шымкент қаласында «қазақтың бас биі» болып сайланды, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Мен негізінен ешқандай да би боламын деп келген жоқпын. Адам билікке ұмтылмауы керек. Билік – өте ауыр нәрсе. Бірақ енді халық қалап отыр. Неге? Өйткені бұл жұмысты біреу істеуі керек. «Жалғыз адамның үні шықпайды, жаяудың шаңы шықпайды» дейді.  Сіздер өздеріңіз сайладыңыздар. Енді бірлесіп жұмыс істейік. Бірауызды болайық. Маған үміт артқандарыңызға рақмет! Мың өліп, мың тірілген, есесі талай кеткен қазақтың ұпайын түгендеп, ең бастысы есін жинауға көмектесуіміз керек. Есін жинаған халықтың етегі жабылады. Өкінішке қарай, қазір халықтың етегі ашық тұр. Неге? Өйткені, есін жинай алмай отыр. Мына 150 жылдық отаршылдықтан кейін есімізді жоғалтып алдық. Қазіргі кезде билер деген не? Билер дегенеміз халықтың өз-өзіне келе бастауы, организмнің тірілуі… Халықтың өз-өзіне деген сенімі қайтып жатыр. Өзіне сенбеген халық мемлекет бола алмайды. Өзіне сенбеген халық шығармашылықты да, экономиканы да, әдебиетті де жасай алмайды. Өзін қорғай алмайды. Сондықтан қазір қазаққа рух беретін, кеудесін көтеретін уақыт келді. Біздің мақсатымыз – қазақтың есін жиғызу, рухын көтеру», – деп мәлімдеді Омар Жәлел.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.6 / 5. Бағалар саны: 22

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.