Жаңалықтар

«Бірде-бір кәсіби генерал министр болып отырған жоқ» – Бақытжан Ертаев

Қорғаныс жүйесін кім қөрінген басқарып кетті. «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Сұрауы бар» youtube арнасында журналист Ербол Сейілханға сұхбат беріп, Қорғаныс жүйесіндегі біраз шикілікті жайып салды.

«Қарулы күштерімізге қарап менің жаным ауырады. Бізде кім болмады министр? Даниял (Ахметов ред.), Тасмағамбетов, Жақсыбеков, қазір Ішкі істер министрлігінен отыр (Руслан Жақсылықов ред). Бізден, өз ішімізден не табылмады ма? Ішкі істер министрлігіне қарсылығым жоқ. Руслан Фатихұлы менің қолымда өскен бала. Қазіргі министрді айтамын. Ол – барлаушы», – дейді Бақытжан Ертаев.

Ертаевтың айтуынша,бұл азаматтар Қорғаныс министрі болса да тікелей бас штабтан шыққан, әскери адамдар емес. Бақытжан Ертаев «ол тіпті әйел адам болса да Қорғаныс министрі ретінде нағыз әскери жүйені іштей білетін адам отыруы керек» деп есептейді.

«Қазір бізде бірде-бір кәсіби генерал министр болып отырған жоқ. Қарулы күштер ойыншық емес. Сахнадағы әртіс емес. Әрбір режиссер басқара алмайды. Ол – сарбаз, ол – Отанды қорғаушы. Сондықтан окопта болып, солдаттың тамағын жеп, содан өсіп шыққан сарбаз полкты басқаруы тиіс. Одан кейін министрлікке келгені дұрыс. Қорғаныс министрі әйел болуы да мүмін. Бірақ штабтан шыққан. Себебі штаб – стратегия», – дейді.

 

Бұл сұхбаттың толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=XcUiMYi8miw «Сұрауы бар» YouTube арнасынан көруге болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.