Жаңалықтар

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

4
(1)

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«1 қыркүйекте сотталған Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробациялық есептен шығарылды. Ол қазір Қазыбек би аудандық пробация қызметінде лауазымға ие болуға тыйым салу бойынша қосымша жаза алу үшін есепте тұр», – деді ҚАЖК өкілі.

2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметовтің мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сот оны сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп тапты.

Ахметов мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 2,2 миллиард теңге төлеген. Нәтижесінде сот оның бас бостандығынан айыру мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. Ол Қарағанды ​​облысының Қарабас ауылындағы АК159/18 колониясында жазасын өтеді. 2017 жылдың қаңтарында кешірім жарияланып, Серік Ахметовтің мерзімі қысқартылғаны белгілі болды. Жазаның өтелмеген бөлігі ширекке қысқартылып, бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. 2017 жылдың қыркүйегінде Ахметов колониядан босатылды.

2019 жылдың қазанында сот Ахметовты бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан және мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жазаны мерзімінен бұрын шартты түрде босату шешімінен бас тартты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button