Алматы қаласыЖаңалықтар

Алматыда жезөкшелер үйі салон атын жамылып жұмыс істеген

0
(0)

Алматылық полицейлер жедел іс-шара барысында жезөкшелер үйін анықтады.

Қалалық полицияның мәліметінше, жезөкшелер үйі Медеу ауданының элиталық секторында орналасқан, тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен.

Оны Ақмола облысынан келген 31 жастағы В.есімді әйел басқарды. Оның Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келгендерді жұмысқа тартқаны анықталды. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Бұл элиталы үйге кіру оңайға соқпады. Мұнда сенімді клиенттерді ғана ішке кіргізеді, тіпті көліктерінің нөмірін де ешкім танымас үшін пленкамен жауып тастаған. Үш қабатты ғимаратта сауна мен спа-салон да бар», – деді Алматы қалалық Полиция депаратаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Бұған дейін салон иесі осындай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Бұл жолы оның әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес саралауға жатады. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі», – деді полиция өкілі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button