ӘлемдеЖаңалықтар

Сүндеттелген баланың жүрегі 10 минутқа тоқтап қалған

4
(2)

Екі жасар бала Санкт-Петербургтегі емханада сүндеттелгеннен кейін әрең аман қалды.

Процедура аяқталғаннан кейін баланың талмасы ұстап, 10 минут бойы жүрегі тоқтап қалған. Кішкентай науқас жедел жәрдеммен Санкт-Петербург педиатрлық университетіне өте ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны құтқарып үлгерді.

Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастап, жеке медициналық орталықтан медициналық карталарды тәркілеген. Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша («Адам өзінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру») бойынша іс қозғау мәселесі шешілуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button