ЖаңалықтарТүркістан облысы

Кентаудағы былық: құжатта бар су мен газ, іс жүзінде жоқ болып шыққан 

3
(2)

Көгілдір отынның суретін салып, ауыз суды қағаз құбырмен жүргізе аласыз ба? Оңтүстіктегі атқамінерлер қағаз бетінде құбыр тартып, газ кіргізіп, ауылды жайнатып қоюдың жолын тауыпты. Қалай дейсіз ғой?! Таза тіршілік нәрі мен табиғи газ құжат жүзінде бар. Түркістан облысының төрт бірдей ауылына коммуникация тартуға миллиондаған қаржы бөлінген. Бірақ, оның шарапатын көріп жатқан халық жоқ. Барлығы бәз баяғыдай тезек тасып, от жағып, лайқы суды ішуге мәжбүр. Ал, жауапты шенділер әні-міне мәселені шешеміз деп жүргенде екі жылға жуық уақыт өтіп кеткен. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тек Аян Өтеев қана емес, тұтас Теке ауылының тұрғындары құдықтағы лас суды тұндырып ішеуге мәжбүр. Өйткені, елді мекен маңындағы  су жаңа ұңғыма жарамсыз, қаңырап тұр. Одан ауылға тартылған құбырларға тіршілік нәрі мүлдем келмейді.

Үшқайық ауылдық округіне қарайтын елді мекендерге су тарту үшін 2018 жылы облыстық бюджеттен  256 млн теңгеден астам  қаржы бөлініп, мердігер анықталған. Жұмыс 2019 жылдың желтоқсанында аяқталған. Бірақ, су сол күйі келмеген. Себебі, мердігер жұмыста шала-пұла істеген. Ал, жақында ғана Сауран ауданның құрамына кірген ауыл округінің әкімі соңына дейін аяқталмаған жұмысты Кентау қаласының шенеуніктері қабылдап алған дейді.

Нұрәді АЛМЕРДЕНОВ, Үшқайық ауыл округінің әкімі

Бізге үш айдан кейін хабар жетті. Осы бітпеген объектіні қабылдап алды. Кентау қаласының коммуналдық бөлімі қабылдап алды. 35 пайыз бітпеген объектіні қабылдап алып, содан бері ауыз су берілген жоқ. Халық зардап шегіп отыр. Әлі күнге дейін осы айқай-айқай, бітпейтін айқай. Құжат жүзінде сондай болып отыр, шын пайдаланбай отыр».

Үшқайықтықтардың базынасы бір бұл ғана емес. Тұрғындары көгілдір отынға да жарымай отыр. Ауылдық округке қарасты төрт елді мепкенді газбен қамтамасыз ету үшін 1 млрд теңге жуық қаржы бөлінген. Алайда, жұрт әлі күнге дейін отын тасып, пеш жағып жүр. Тіпті, көгілдір отынның орнатылған құрылғылары қирап, трубалары қисайып қалған.

 Ал, сол кезде Үшқайық ауылдық округі Кентау қаласының құрамында болған. Кенді шаһардың әкімі Дәурен Махажанов су мен газ тарту кезінде қателіктер анықталғанан соң, қабылдап алмадық деп отыр. Енді мердігерді жауапқа тарту үшін құзырлы органдарға жүгініпті.

Дәурен МАХАЖАНОВ, Кентау қаласының әкімі

Ең бірінші мына өткізілген жүйені ҚазТрансГаздың теңгеріміне беруіміз керек. Олар қабылдап алуы керек. Қабылдаған кезде тағы да тексеруден өткізеді. Содан кейін «ия, бітті толығымен қолдануға жарамды» деп шешімін қабылдайтын болса, сол кезде ғана газ сол жерге келеді. Су бойынша мердігер жаңағы жыртып кеткен трубаларды өз есебінен ретке келтіретін болады. Ну вот сол. Оның алдында су барып тұрған».

Ашынған жұрт жауапты атқамінерлердің табалдырығын тоздырған. Бірақ, одан шыққан нәтиже жоқ. Енді дауға айналған мәселелерін айтып прокуратураға шағым түсірген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button