Жаңалықтар

«Баспана хит» бағдарламасы биыл тоқтайды

5
(1)
ID:229651999

«Баспана хит» және «7-20-25» жеңілдетілген ипотекаларын 2021 және 2022 жылдары қаржыландыру тоқтатылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

«Дағдарыстың экономикаға ықпалын төмендетуді ескере отырып, нарық қағидаларына жол бере отырып, мемлекеттің кредит беру бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан шығуы көзделген.

Жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын қаржыландыру, ҚЗЭ («Қарапайым заттар экономикасы». – еск.), «Баспана Хит» 2021 жылы аяқталады, ал 2022 жылы «7-20-25″ бағдарламасын қаржыландыру аяқталады», – деп хабарлады Әбілқасымова Қаржы нарығы көшбасшыларының жыл сайынғы VIII саммитінде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы ипотекаға бастапқы тұрғын үйді 25 жылға дейінгі мерзімге 20 пайыздық бастапқы жарнамен жылдық 7 пайызбен сатып алуға мүмкіндік береді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button