Жаңалықтар

Оңтүстік фермелері енді солтүстікті игеруі керек

0
(0)

Соңғы жылдары алыс-жақынның жұрты Түркістанның қауын-қарбызын, жеміс-жидегін, айран-сүтін, қызанақ-қиярын іздеп жүріп алатын болған. Төрт түліктің түр-түрін өсіріп, етін шетелге экспорттап жатқан жап-жас фермер жігіттердің ісін көріп сүйсінесің. Еңбекқор елдің іскер азаматтары осы қадамдары арқылы Түркістанның брендін қалыптастырып келеді.
Кеше ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегі бағаланған «Altyn kùz – 2020» мерекесіне арнайы қатыстым. Жиында еңбек озаттары марапатталып, облыс экономикасын алға сүйреуші азаматтарға құрмет көрсетілді.

Биыл облыс фермерлері жылды табысты қорытындылап отыр. Түркістан облысында 30 мыңнан астам агроқұрылымдарға 33 млрд. теңге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10 айда 635,3 млрд. теңгені құрапты. Өткен жылмен салыстырғанда 18,5 млрд. теңгеге артқан.

Түркістан – еліміздегі ауыл шаруашылығы өте жақсы дамыған өңір. Облыс диқандарының өнімдері Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Оның үстіне Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. «Nur Otan» партиясының 2021-2026 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында да ауыл шаруашылығына барынша басымдық берілді.

Ауыл шаруашылығының кәсіби менеджері, шынайы жанашыры, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің өзі апта сайын әрбір ауданның осы саласын аралап, дамытуға тиісті тұстарды мұқият қадағалап отыр. Күні кеше қортындыланған праймериз жеңімпаздары арасында да фермерлер көп болды. Түркістаннан шыққан мықты фермерлер Парламентке дейін ұсынылды. Бұл – партия мүшелерінің еңбек адамына деген құрметі мен сенімі.

Дегенмен салаға зор серпіліс әкелуге ұмтылған шаруақор жұрттың қолын бос жердің жоқтығы байлауда. Түркістан облысында жайылым мен егістік жердің тапшылығы қатты байқалады. Фермерлердің көкөніс егетін немесе мал шаруашылығын өркендететін жер таппай, қиналған сәттері аз емес. Сондықтан Солтүстік өңірлерді дамытудың маңызы зор. Қазірдің өзінде Түркістан облысының бірқатар кәсіпкерлері, фермерлері Солтүстік өңіріндегі жерді игеруге кірісіп кетті. Біз осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Біріншіден, жер игеріледі. Екіншіден, Ресей мен Еуропаға өнім жөнелту жеңілдейді. Үшіншіден, теріскейде демографиялық өсім болады. Міне, осы стратегиялық міндетті атқаруда ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің рөлі жоғары. Тың бастаманы енді жаңа құрамдағы Мәжіліс пен мәслихат деңгейінде іске асыруға кірісуді көздеп отырмыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close