Жаңалықтар

СҚО-да ұшақ «у шашып жүр» деген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

5
(1)

Қазақстандықтар мессенджерлерде «химиялық трейлердің дәлелі» деп жаңа видео таратып жатыр. Бұл жолғы видео Солтүстік Қазақстан облысында түсірілген делінеді, – деп  Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, кадр 2012 жылғы желтоқсанда түсірілген және YouTube желісіне жүктелген. Якутскіде Ту-204 ұшағы түсірілген. Ол кезде ауа температурасы минус 45 градус болған.

Ұшақтың артынан созылып жатқан із инверсиялық немесе конденсациялық деп аталады. Ол ылғал, тамшы немесе мұз кристалдары араласқанда пайда болады және атмосфераның кейбір күйінде ұшатын аппарат қозғалып бара жатқанда шығады, деп түсіндірді басылым.

Әдетте бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында байқалады, бірақ ауа температурасы төмен болса, аса биік емес жерлерде де көрінеді.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close