Жаңалықтар

«Бәрімізге де оңай емес»: Дариға Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді

0
(0)

Сенаттың бюро отырысында спикер Дариға Назарбаева төтенше жағдай кезінде дәрігерлер мен журналистерге қолдау көрсету қажет екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап. 

Сенат төрағасы Алматы облысында дәрігерлердің жаппай коронавирус инфекциясын жұқтырғанын, ал Атырау облысында журналистерге шабуыл жасалғанын еске алды.

«Бір нәрсені еске салғым келеді, бүгінде дәрігерлер де, журналистер де алдыңғы шепте жұмыс істеп жатыр. Олар алғашқылардың бірі болып, қазіргі қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Соған қарамастан, өздерінің кәсіби міндеттерін атқарып жүр. Сондықтан олар ерекше қорғауды қажет етеді. Құқықтық жағынан болсын, адами жағынан болсын, қолдау керек», – деді Назарбаева.

Оның айтуынша, қазір кінәліні іздеп салғыласатын уақыт емес. Барлық проблемны бірлесіп шешу керек.

«Заңға бағынбауды қатаң тыйып отыру қажет. Әсіресе, құқық қорғаушыларға бағынбау және қарсылық көрсетудің жолын кесу керек. Біз сыпайы және әдепті болуымыз қажет. Сөйтіп, лауазымды асыра пайдалану мен заңсыз әрекетке жол бермегеніміз жөн. Бәрімізге де оңай емес. Бірақ бір-бірімізге қолдау көрсетудің арқасында қазіргі жағдайдан тезірек шыға аламыз», – деп түйіндеді сенат төрағасы.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close