ЖаңалықтарШымкент қаласы

Шымкент: Әлеуметтік көмек пен құрылыс басты назарда

0
(0)

Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізді.
Жиында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды.
2020 жылы қалалық құрылыс басқармасы арқылы 104 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 58 жоба, яғни 78-і тұрғын үй, 20-сы инженерлік инфрақұрылым, 13-і білім беру, 3-і абаттандыру, 2-і мәдениет, 3-і спорт, 3-і ауыл шаруашылығы, 1-і әкімшілік ғимарат және 1-і өрт сөндіру депосы.
Құрылысы жүріп жатқан 78 көпқабатты тұрғын үйдің 19-ы арендалық болса, 59-ы кредиттік үй. Аталған тұрғын үй құрылысына жалпы саны 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Құрылыс нысандары мерзімінде пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, жыл соңында 1144 отбасы арендалық баспанамен қамтылады, деп атап өтті құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов.
Сонымен қатар, «5-10-20» пилоттық жобасымен және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынып жатқан кредиттік үйлердің 51-і пайдалануға берілмек. Бұл 3284 пәтер.
Бұдан бөлек, мегаполисте 8,5 млрд. теңгеге жалпы 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 4500 орындық білім мекемесі пайдалануға беріледі. Қалған 6-ы келесі жылға өтпелі. Қазіргі таңда 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысандардың құрылысына 358 жұмысшы тартылған.
Онлайн мәжілісте қаралған негізгі мәселенің бірі әлеуметтік төлемдер жайы болды.
Төтенше жағдайдың енгізілуі және Мемлекет басшысының ай сайын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидалары мен алушылар санаты анықталған.
Осыған сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларына азық-түлік және тұрмыстық жиынтық негізінде екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде (5567 теңге) республикалық бюджеттен қаржылай қолдау көрсетілуде.
Шымкент қаласы бойынша осындай 13 072 отбасындағы 30 495 балаға қажетті қаржы жеке есеп шоттарына аударылып, әлеуметтік көмек көрсетілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 сәуірінде №118 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, қосымша тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде есепте тұратын мүгедектерді қоспағанда барлық жастағы 1, 2, 3 топтағы мүгедек балаларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелгенжұмыссыздарға республикалық бюджеттен екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсету қарастырылуда.
Сонымен бірге, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 21864 мұқтаж азаматқа 50 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
Бүгінгі таңға, халықтың осал топтарына жататын азаматтар қатарынан 19766 азаматтың тізімі жасақталуда.
Сонымен қатар, «Birgemiz» қоғамдық қорының қаражаты есебінен елдегі төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын отбасыларға 1 млн. бетперде жеткізіліп, таратылуда.
Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылған азаматтарға 42500 төленуіне байланысты әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттарға 397 178 адамнан өтініштер түсті.
Оның 160 072 адамы (40,2%) әлеуметтік төлем тағайындау қатарына жатпайтындығы анықталған (өтінішті бірнеше рет қайталап берген, жұмыс жасайтын азаматтар, зейнеткерлер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, қайтыс болған азаматтар және де басқада себептермен тағайындауға жатпайтын азаматтар атынан өтініштер берілген).
2020 жылдың 17 сәуіріндегі мәлімет бойынша 228 223 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған, оның ішінде 215 674 адам (94,3%) өтініштер бойынша, 12 549 адам (5,7%) проактивті түрде тағайындалған (атаулы әлеуметтік алушылар және біріңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар). Тағайындалған 220 985 адамның 208813 адамына (89%) әлеуметтік төлем төленген.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына «Электронды үкімет» «E-gov» порталы арқылы 7301 өтініш түскен оның 5962-сі тіркелген, қалған 608-і өтініштің құжаттарын қарау, түгендеу жұмыстары жүруде.
Құжаттар «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі» штабта қаралуда, штаб қорытындысымен бүгінгі күнге 5918 өтініштін ішінде 4547 өтініштің (6612 адам) құжаттары ереже талаптарына сәйкес келмеуіне орай кері қайтарылуда, 807 өтініштің құжаттары (4235 адам) Мемлекеттік корпорацияға жіберіліп, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» арқылы тағайындалуда, деп атап өтті, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева
Қашықтан өткен мәжілісте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов шаһарда атқарылып жатқан шаруаларды пысықтап, жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды. Салалық басқарма басшыларына бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close