ЖаңалықтарШымкент қаласы

Шымкент: «Вirgemiz» қоры тұрғындарға көмек беруде

0
(0)

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен жүйелі жұмыс істеп келе жатқан «Birgemiz» қоғамдық қоры аса мұқтаж шымкенттіктерге нақты көмектер беруде.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.

– «Birgemiz» қоры Шымкент қаласында тұратын көмекке аса мұқтаж 21804 отбасыға 50 мың теңгеден қаржы аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айында жалғасын тауып, 19700 отбасыға қаржылай көмек беруді жоспарлауда, деді М.Пернебайұлы.

Брифингте «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының ұйытқы болуымен миллион бетпердені 20 мың отбасыға тегін таратқаны хабарланып, карантин енгізілгелі партия филиалының кәсіпкерлерді үйлестіруімен 10 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсеткені айтылды.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close