Жаңалықтар

Арман Шораев қолхатпен босатылды

0
(0)

Белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораев қолхатпен босатылды. Бұл туралы оның әпкесі Жаннар Шураева айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азамат А. Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді», – делінген еді Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы – «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары – «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close