ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Головкиннің бапкері «Канеломен» жекпе-жек қашан өтетінін айтты

0
(0)

Қазақстанның орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкстің айтуынша, боксшы 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлайды, – деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы шайқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар.
Содан кейін ғана біз «Канеломен» шайқасқа дайын боламыз. Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты.
Енді «Канело» Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін айтады. Бірақ Геннадийдің басқа жоспарлары бар. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек», – деді Бэнкс.
Еске салайық, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close