Жаңалықтар

Қызы Уханнан шашы ағарып келген әкесін танымай қалды

0
(0)

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында 3 жасар қыз әкесін танымай қалды. Әкесі Ван Бэньсюэ – медицина қызметкер3. 2 ай Ухан қаласында іссапарда болған. Бұл туралы AsiaOne хабарлады, – деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бэньсюэ ақпан айында жаңа коронавирус инфекциясымен күресу үшін Ухан қаласына кеткен. Ол 21 науқасқа қараған. Екі айда 39 жастағы мейіргердің шашы ағарып кеткен.

Гуйчжоуға келгеннен кейін Бэньсюэ үйіне кіріп, қызын шақырады. Қызы оны танымай «Сен кімсің?» деп сұрайды. Ол ақ шаш түскен әкесін бірнеше минуттан кейін әрең танып, мойнына асылады.

Еске салайық, Қытайдың Ухан қаласында COVID-19 инфекциясы 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелді. 31 желтоқсанда ДДСҰ жаңа індет туралы хабарлады. Қаңтар айының ортасында қытайлық мамандар вирус адамнан адамға жұғатынын анықтады. Бірнеше күннен кейін Қытай билігі Ухан қаласын карантинге жапты және эпидемияны тоқтату үшін шаралар қабылдады. Карантин екі ай өткен соң тоқтатылды.

Ал Қазақстанда COVID-19 вирусы 2020 жылғы 13 наурызда тіркелді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 1735 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 413 адам жазылды, 19 адам қайтыс болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close