Жаңалықтар

Министр 42 500 теңге алғандарға қатысты тараған әңгімеге нүкте қойды

0
(0)

Бірде бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, –  деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап. 

Министр соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады деген әңгіме көп таралып жатқанын айтты. Оған БАҚ беттерінде жарық көрген заңгерлердің мақалалары түрткі болған.

«Заңгерлер мен адвокаттар қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талқылап, соны 42 500 теңгемен байланыстырған. Олар «министр Нұрымбетовтің ешкімді тексеріп жатпаймыз» деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәлімет беруі мүмкін деп жазған. Бірде бір адам 42 500 теңгені алғаны үшін, тіпті жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ, осыған нүкте қояйық», – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Ол министрлік неге ешкімді тексермейтінін түсіндірді.

«Өйткені бұл ақша әлеуметтік бағытталған төлем. Бізде басым халықтың табысы аз, жалақысы төмен. Зейнетақы мен жәрдемақысы көп емес. Сондықтан көпшілік осы төлемді алсам ба деген. Сол себепті бұған дейін айтқанымдай, біз жаппай ешкімді тексеріп жатпаймыз. Ешкім үй үйді араламайды. Еш нәрсеге уайымдамаңыздар. Төленді ме, алыңыздар да, қажетіңізге жаратыңыз», – деді министр.

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20200420/13738417/Ministr-42500-tenge.html

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close