ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Жанар Айжанова «екінші күйеуімді жасырмаймын»

0
(0)

Қазақтың жезтаңдай әншісі Жанар Айжанова өмірлік серігінің сезімі туралы әлеуметтік желіге жариялаған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
Көрермендеріне актриса, жүргізуші қырынан танылып жүрген әнші өзінің екінші күйеуі туралы жасырмайтынын айтқан. Ол туралы өзінің Instagram парақшасына махаббаттары туралы видеосын жүктеп, астына жазба қалдырған.
«Біздің үйдің отағасы романтик. Мені төрт, бес күн көрмей қалса, өзі монтаждап осындай, жүрекке жылу беретін, музыкалық сәлемдемелерін жолдап тұрады. Күйеуіңді неге көрсетпейсің деген жандарға «міне менің жаным әдемі» деп парақшама салып жатырмын. Махаббат, сыйластықтарыңыз мәңгі болсын»
Желі қолданушылары Айжұлдыздың әкесінен «ажырасып кеткендігі және қызы Айжұлдызға әкелік қамқор болып жүрген жанға алғысын жаудырды. Өз кезегінде әнші бар шындыққа жауап беріпті.»Бірінші жолдасыммен ажырасты деген қате пікір. Ол кісі тойымыздан кейін он күннен кейін жол апатынан қайтыс болды. Ал Ерекең (Ерболат) қаласаңыз да, қаламасаңыз да Айжұлдыздың папасы. Ешкім екеуін айыра алмайды. Бұл өте ауыр жағдай, оны екінің бірі көтере алмайды»,-дейді Жанар Айжанова.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close