ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Қарақат Әбілдина 42500 теңге алғаны туралы: «Көмек кімге болмасын керек»

0
(0)

Елімізде төтенше жағдай жарияланғанына бір айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде дөңгелетіп отырған кәсібін тоқтатуға мәжбүр болып, төрт қабырғаға қамалған отбасы қаншама. Халыққа көмек болу үшін мемлекет 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төлей бастады. Қолы жетіп үлгергендер де бар, алғанымен «жауапкершілігінен қашып», мемлекетке қайтарып жатқандар да аз емес. Қарапайым жұрттың жағдайы түсінікті, ал осы аз ғана көмек өнер жұлдыздарына қажет пе, деген сұраққа әнші Қарақат Әбілдина жауап берді, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистің  «42 500 алдыңыз ба?»-, деген сұрағына орай, Қарақат былай деп жауап берді: 

– 42 500 теңге каспий голдқа түсті, оған өзім де таң қалдым (күліп). Себебі оған құжат толтырып, «мен де алайын» деп құнттаған жоқ едім. Бірақ көмекшілерім жұмыс орным арқылы өтініш беріпті, оны өзім де білмедім. Солардың арқасы әрі Алланың балаларыма берген несібесі шығар, түсті. Ол үшін үкіметке рақмет! Қазір барлық жұмыс тоқтады, елдің бәрі үйінде, сондықтан көмек кімге болмасын керек.

Желіде «Жұлдыздар челленджден басқа қандай көмек беруде» деген сияқты түрлі сын айтылып жатыр, осы мерзімде қайырымдылық жасадыңыз ба, құпия болмаса қанша көлемде? 

Ал қайырымдылық мәселесінде «оң қолым бергенді, сол қолым жасырсын» деген қағиданы ұстанамыз. Мүмкіндігінше берген садақаны жария қылмауға тырысамын.Оған қазіргі технология да көмек, әр жұма сайын мұқтаж жандардың картасына аударып отыруға тырысамын. Шыны керек, жекеме келетін хаттың басым көпшілігі – көмек сұрайтындар, карантин басталғалы бері олар тіпті көбейді. Бірақ барлығына бірдей қол ұшын созу мүмкін емес. Шын мұқтаж, әсіресе, дертке шалдыққан бала бағып отырған отбасына көмек беруге тырысамыз. Мәселен, былтырғы өткен концертімізден түскен 4 млн табысты асыраушысына айырылған, 6 балалы отбасына аудардық. Күні бойы тік тұрып өткізген екі концерттің қаржысы сол жандарға бұйырды. Қай уақытта болмасын қайырымдылық жобалардан қалыс қалмауға, көмек беруге тырысамыз. Оның көлемі де әртүрлі. Бірақ бастысы қайырымдылық тек ақшалай емес, жылы сөз, дұрыс жөн сілтеуіңмен де өлшенеді емес пе? Сондықтан әрбірін тізіп отырғаным жөн емес. Жасаған жақсылығымыз, ұрпағымызға қайтсын деп тілеймін!, – деді отандық әнші сұхбатында.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close