Алматыда коронавирустан екі науқас көз жұмды

 931 

Алматы қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Олар 1958 және 1931 жылы дүниеге келген. Барлығы 19 адам қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1711 науқас бар.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 372 адам, Алматы қаласында – 524 адам, Қарағанды облысында – 93 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 61 адам, Шымкент қаласында – 67 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 26 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Қызылорда облысында – 148 адам, Батыс Қазақстан облысында – 62 адам, Түркістан облысында – 60 адам, Қостанай облысында – 15 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Бөлісу:


Және де: