Жаңалықтар

Халықаралық жасыл технологиялар орталығы туралы не білеміз?

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басқарма төрағасы қызметіне Олжас Ағабеков тағайындалды. Осыған байланысты Newsroom.kz тілшісі орталықтың қандай мақсатта құрылғанын біліп көрді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, биыл қыркүйекте жасыл орталыққа жаңа басшы тағайындалған.

«Директорлар кеңесінің шешімімен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басқарма төрағасына Олжас Ағабеков тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Орталық не үшін құрылды?

2018 жылғы сәуірде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарын енгізу арқылы жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау үшін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы құрылды.

«Күрделі сын-тегеуріндердің бірі экономикалық өсімді, әлеуметтік тұрақтылықты және ұзақ мерзімді келешекте экологиялық теңгерімділікті қамтамасыз ету саналатындығы сөзсіз. Бұл жаһандық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелерінің бірі және Қазақстан мол табиғи ресурстарға ие ел ретінде әлемдік энергетикалық қауіпсіздіктің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін түсінеді. 2030 жылға дейінгі күн тәртібі мен Париж келісімі әлемдік қоғамдастық толық алғанда климаттық өзгерістерді ұстап тұру үшін күш-жігер біріктіруге дайын екендігін паш етіп отыр. Бүгінде біз үшін аталған процестегі өз үлесімізді, әлемдік қоғамдастықтың қолдауымен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын іздерге таныстыру зор құрмет деп санаймыз», – деген еді бұрынғы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Global Challenges Summit форумы аясында

Ол Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ), Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ), Жаңаратын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік, Дүниежүзілік банк, ЕҚБҰ, Азия банкі және Еуропалық комиссияға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Халықаралық орталық өткен жылы Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің базасында құрылған және өңірдегі жасыл экономикалық өсімді күшейтуге бағытталған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының жалғасы саналады. Біз орталық Азиядағы бірінші технологиялық орталық ретінде инвестиция үшін тұрақты институттық негізге айналады деп сенеміз», – деді экс-премьер-министр.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Үкіметі жаңартылатын энергия көздерінен дамыту стратегиясын, өңірлік деңгейде қоршаған ортаға кері әсерлерді төмендету саясатын ұстанатынын атап өтті.

Сонымен қатар 2018 жылғы желтоқсанда 50% + 1 акция тікелей сату арқылы «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне берілді. Бұл қауымдастықты Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қызы Әлия Назарбаева басқарған болатын.

Биыл 25 мамырда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазақстан Үкіметінің тиісті Қаулы қабылданды.

«Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының жалпы пакетінің 50% + 1 акциясын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын», – деп жазылған Үкімет Қаулысының мәтінінде.

Нәтижесінде акциялар пакетінің 100%-ы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқаруымен мемлекет меншігіне берілді.

Айта кетейік, жасыл технология – қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін өнертабыстар: энергияны үнемдеу, қалдықтарды кәдеге жарату, қоқысты өңдеу, жаңартылатын ресурстар және тағы басқа жобалар.

Мысал ретінде күннен электр қуатын өндіретін күн батареясын алуға болады. Одан электр энергиясын өндіру қазба отынының тұтыну көлемін азайтуға, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Ол экология және экономикалық жағынан да тиімді.

Жасыл технология – халықтың әл-ауқаты мен экономикасын дамытуға

септігін тигізетін өнеркәсіп саласы. Қазақстан жасыл экономикаға өту арқыты төмендегі мақсаттарды көздейді:

– Қалдықтарды өңдеу жүйесін құру;

– Орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы саласын дамыту;

– Су ресурстарын үнемдеп пайдалануды үйрену;

– Жаңарылатын және баламалы энергия көздерін пайдалану;

– Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемін азайту;

– Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

Фото: egemen.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.