Жаңалықтар

Қазақстанда жаңадан үш партия құрылып жатыр

Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып, елімізде жаңадан үш партия тіркеліп жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды. Одан бөлек, 13 партияны тіркеу өтініші қаралу үстінде. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.

«Бүгінде 3 партия тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өтті. Қазір болашақ партиялар съезді өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында. Қолданыстағы заңға сәйкес, партияны тіркеу үшін оның құрамында кемінде 20 мың партия мүшесі болуы керек. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде кемінде 600 партия мүшесі болуы тиіс», – деді Қанат Мусин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бүгінде «Халық дербестігі» партиясы съез өткізіп, өз мүшелерінің тізімін ұсынды.

Одан бөлек «Намыс» және «Байтақ» партиясы съез өткізу сатысында тұр.

«Тіркелуге ниетті басқа да партиялар бар. Бірақ олар тіркелу рәсімінен өткен жоқ. Себебі олардың құжаттары заң талаптарына сәйкес келмейді. Жалпы 2019 жылдан бастап 18 саяси партия ретінде тіркеуді сұраған хабар келіп түсті. Тек 2019 жылдың өзінде 5 партия өтініш берді. Бірақ бүгінде олардың өтініші күшін жоғалтты. Енді 13 партия бар, оның 3-і туралы жоғарыда айтып өттім. Қалған партиялар бойынша ұйымдастыру процесі жүріп жатыр», – дейді ол.

Фото: Baq.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.