Жаңалықтар

Бағдад Әміреев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас Хатшысымен кездесті

Б. Әміреев ИЫҰ Бас Хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты Хиссейн Брахима Тахаға өзінің шынайы құттықтауын және Ислам әлемінің осы аса жоғары дипломатиялық мансабындағы жұмысына зор табыс тіледі

Newsroom.kz порталы –  Жидда қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас Хатшысы Жоғары Мәртебелі Бағдад Әміреев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас Хатшысы Жоғары Мәртебелі Хиссейн Брахим Тахамен кездесті, деп жазады Egemen.kz. сайтына сілтема жасап.

Б. Әміреев ИЫҰ Бас Хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты Хиссейн Брахима Тахаға өзінің шынайы құттықтауын және Ислам әлемінің осы аса жоғары дипломатиялық мансабындағы жұмысына зор табыс тіледі.

ИЫҰ Бас Хатшысы ТМҰ Бас Хатшысына ілтипатын білдіріп, оның ИЫҰ штаб-пәтеріне осы сапары екі бауырлас ұйым арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Хиссейн Брахим Таха мен Бағдад Әміреев өз ұйымдарының қазіргі күн тәртібі туралы пікір алмасып,Ислам әлеміндегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және дамуды нығайту мақсатында кеңейтілген серіктестік орната алатынын атап өтті.

Түркі Мемлекеттерінің Ұйымының барлық мүшелері бір мезгілде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының да белсенді мүшелері болып табылатынын назарға ала отырып, Х. И. Таха мен Б. Әміреев екі ұйымның кең ауқымды ықпалдастық орната отырып, Еуразия құрлығында, Ислам әлемінде, Еуропада, әсіресе, Орталық Азия мен Кавказда аймақтарында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бірлесіп ат салыса алатынын атап өтті.

ТМҰ және ИЫҰ басшылары екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін арттыру қажеттігін атап өтіп, өзара қатынастардың құқықтық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауға уағдаласты.

Сондай-ақ, тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар халықаралық, исламдық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Дана МЫРЗАҚАДІР

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.