Атырау облысыЖаңалықтар

ҚР ҰҚК: Көптоғай ауылына қатысты тараған видео – монтаждалған

0
(0)

Атырау облысының Көптоғай ауылына қатысты тараған видео 2 фрагменттен монтаждалған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин айтты.

Сенбі күні әлеуметтік желіде тараған фейк-видеоға қатысты айтар болсам, ол- монтаждалған. Екі фрагменттен монтаждалған. Біріншісі, Маңғыстау облысында қазіргі уақытта аяқталған оқу-жаттығудағы шын видео. Ол жерде шекарадан жаппай өту және босқындар лагерін ұйымдастыру элементтері пысықталды. Екіншісі де Көптоғай ауылындағы шынайы жағдай, жергілікті тұрғындардың нақты жиыны», – деді Айдар Аймурзин.

Оның атап өтуінше, осы екі оқиғаны біріктірген сәтте Көптоғай ауылында болған жайт бұрмаланып көрсетілген. «Айта кетерлігі, қазіргі уақытта облыс әкімдігінің біздің облыстық департаменттің басшылығымен жиналыс өтіп жатыр. Әзірше жағдай тұрақты, жергілікті тұрғындар түсіністік танытып отыр. Бізде туындаған барлық мәселені ескеруге тырысамыз. Тағы да қайталап айтамын, жерге қатысты шегініс жоқ. Тұрғындардың суға бару мүмкіндігі сақталған. Бұған қоса, суға мұнан да ыңғайлы жету мәселесі шешілетін болады», – деді ол.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button