ЖаңалықтарКадрлар кабинеті

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

0
(0)

Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 

Ал оған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Маратбек Мықтыбеков – тәжірибелі спорт менеджері. Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бок конфедерациясының кеңесшісі қызметін атқарды.

Сонымен қатар Мықтыбековтің спорт саласындағы жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда ол юниорлар арасында самбодан әлем чемпионы болған, сондай-ақ дзюдо бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button