Жаңалықтар

Бір айдан соң whatsapp өз қолданушыларын «өшіреді»

2.3
(3)

WhatsApp 15 мамырға дейін қосымшаның жаңа шарттарын қабылдамаған қолданушылардың мессенджерді пайдалану мүмкіндігін шектейді. Бұл туралы сервистің сайтында хабарланды.

Қолданушылар өзіне ыңғайлы уақытта өзгерістер туралы білуі үшін оны қабылдау уақытын 15 мамырға дейін ұзарттық. Егер пайдаланушы жаңа шарттарды осы уақытқа дейін қабылдамаса, оның WhatsApp-та жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Алайда WhatsApp жеке аккаунтыңызды өшірмейді, жаңа талаптарды қабылдағаннан кейін қайта қалпына келеді», – делінген хабарламада.

Жұмысына шектеу қойылатын функциялардың ішінде мәтін хабарлама және аудио хабарлама жіберу қызметі бар. 15 мамырдан кейін қолданушы қосымшаның жаңа шарттарын қабылдамаса, тек қоңырау соғып, хабарлама ала алады.

Соған байланысты бағдарлама әкімшілігі қолданушыларға жаңа шарттарды қабылдауды не чат тарихын экспорттап, жеке аккаунтты өшіруді ұсынып отыр. Алайда аккаунтты бір рет өшірсе қайтарып алынбайды. Қолданушы мессенджердегі барлық топтан шығады, барлық хабарлама өшеді.

Айта кетейік, жаңа талаптың ішіне мессенджер Facebook корпорациясына жеке ақпаратты беру туралы тармақты қосты. Бұл өзгеріс көпшілікке ұнамады. Келісім мәтінінде WhatsApp осы корпорацияның бір бөлігі ретінде қажетті мәліметтерді бөлісетіні баса айтылған. Алайда WhatsApp та, Facebook те жеке хабарламаларды көре алмайды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button