Атырау облысыЖаңалықтар

«Наурыздан наурызға дейін»: Атырау – Ақпарат қайырымдылық эстафетасын қолға алды

0
(0)

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған дана халық. Қазақтың қанына сіңген қасиет ұрпақ жалғастығымен бірге жасап келеді.

Сонау зұлмат замандарда халқымыздың өз баласының ауызынан жырып, өзгенің перзентіне жарты нанды бөліп бергеніне де тарих куә. Бұл қазақтың қанына сіңген киелі қасиет …

Наурыз қарсаңында «Атырау – Ақпарат» қайырымдылық жобасын қолға алды.

Әлеуметтік жағдайы төмен 10 мұқтаж отбасын медиахолдинг наурыздан наурызға дейін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыратын болады.

Осылайша, әлсізге қамқор болу, кішіге мейірбандылық таныту, үлкенге ізет көрсету ата-бабадан қалған аманат екендігін жас ұрпаққа үлгі ретінде дәріптеу де мақсатымыз.

Медиахолдинг ұжымынан бастау алған қайырымдылық эстафетасын кез-келген ұжым қабылдай алады.

Мұқтаж отбасылардың тізімін орталық «Иманғали» мешітінен алдық.

Бұл істі, сіз де жалғай аласыз, қадірлі әлеумет!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button