Жаңалықтар

Салық Зимановқа 100 жыл

5
(2)

100 жыл бұрын (1921-2011) қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЗИМАНОВ Салық дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Бүкілодақтық заң институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944-1945 жылдары – дивизион, миномет полкі, артилерия полкі командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған. 1946-1947 жылдары – Гурьев облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі. 1947-1948 жылдары – Қазақ КСР Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші.

1948-1952 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі.

1952-1958 жылдары – Алматы мемлекеттік заң институтының директоры, Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы. 1958-1969 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының директоры.

1969-1976 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі болған.

1976-1977 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Төралқасының бас ғылыми-хатшысы.

1992-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас ғылыми қызметкері.

1992-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитетінің төрағасы.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Конституциялық заңнама және адам құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы.

1995-2005 жылдары – «Парасат» академиялық университетінің ректоры қызметтерін атқарған.

2005 жылдан – қазіргі қызметінде. Атырау облысының Құрметті азаматы.

Зимановтың ғылыми зерттеу еңбектері мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне және басқа да өзекті мәселелерге арналған. Сонымен қатар ғалымның қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген. Зиманов «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды.

Ғалым 2001-2002 жылдары 1-ші және 2-ші томдары жарық көрген 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасаған. «Парасат», екі мәрте 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы ордендерімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button