ЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте карантин шаралары ұзартылды

5
(1)

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев қалада карантин шаралары 2 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

«Шымкент қаласының аумағында 22 ақпан сағат 00:00-ден бастап 08 науурыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын» делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады;
  • қалада жүргенде маска режимін және 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтық сақталады;
  • 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі;
  • жұмыс уақытын барынша қысқарту, қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс жасауға көшіру;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін істейді, мереке күндері жұмыс тоқтатылады;
  • театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспай) рұқсат етіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button