ӘлемдеЖаңалықтар

Помпео: «Ресей бізге жау деген елдердің тізімінде тұр»

3
(4)
 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей Американың дұшпандары тізімінде екенін айтты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Менен әрдайым біздің жауымыз кім деп сұрайды және бұған жауабым: өмір салтымызға, республикамызға, негізгі демократиялық қағидаларға нұқсан келтіргісі келетіндер көп. Ресей сөзсіз осы тізімде», – деді Помпео өз сұхбатында.

Әдетте АҚШ-тың ресми өкілдері Ресейді жау емес, қарсылас деп атайды. Помпеоның өзі осы аптаның басында Вашингтонның Мәскеуге деген көзқарасы туралы айтқан кезде «бәсекелестік» тұжырымдамасын қолданды. Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарындағы Ресейдің соңғы кибершабуылдарға қатысы бар деген ақпаратты еске түсірді.

«Біз мұндай жағдайды өте ұзақ уақыттан бері байқап келеміз. Асимметриялық потенциалды пайдаланып, олар АҚШ-ты ақы төлеуге апаратын жағдайға жеткізуге тырысады», – деп қосты Помпео.

Ол сонымен бірге Ресей басшылығы «бостандықты сүйетін адамдар үшін нақты қауіп» екенін айтты. Сонымен қатар, Помпео Ресейден келетін қауіптің аз емес екенін айта келе, Қытайды да АҚШ-қа қауіп төндіріп тұрған елдер қатарына қосты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button