Жаңалықтар

19 сәуір елде және әлемде қандай мереке?

0
(0)

Бәйшешек күні. Әлемде дәстүрге сай әдемі көктем мерекесі аталып өтеді. Бұл мерекенің тарихы Англияда 1984 жылы басталды. Климаттық зонаға байланысты әлемнің әр түкпірінде бәйшешектер қаңтардан бастап сәуір айына дейін гүлдейді.  Бәйшешекке әр тілде әдемі атау берілген: ағылшын тілді елдерде – «Қар тамшысы», Чехияда – «Қар қиыршығы», Германияда «Қар қоңырауы» деп аталады. Ұлыбританияда бәйшешектер сәуір айының ортасында гүлдейді, сол себепті мереке дәл бүгін тойланады.
Велосипед күні. Бұл мейрам химик ғалым Альберт Хофманды еске алуға арналған, ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ЛСД дозасын ішіп алып, велосипедке отырып, сапарға аттанған еді.

Сарымсақ күні. Бұл көкөністі әзілдеп сасық раушан деп те атайды. Бұл сөздің де жаны бар, себебі сарымсақ лала тұқымдастар қатарына жатады. Емдік пайдасы мол өсімдік жайлы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта шумер саз тақтайшаларында жазылған.

19 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар 

1850 жылы Англия мен АҚШ Панама арнасын бірігіп салу туралы келісімге қол қойды (кейінірек АҚШ арнаны өз күшімен салуға шешім қабылдады);

1897 жылы алғаш рет Бостон марафоны өткізілді;

1903 жылы еврлейлерді қырып-жойған «Кишинев қырғыны» басталды ( 21 сәуірге дейін созылды);

1919 жылы Лесли Лерой Ирвин алғаш рет аэропланнан секіріп, парашютпен жерге қонды.

19 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

 1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды. Ол 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болған;

1960 жылы Бұқтырма су қоймасына су толтырыла басталды;

2005 жылы Өскеменде алғашқы қазақстандық экологиялық музей ашылды;

2014 жылы Өскемен қаласында Мұхтар Әуезовтің құрметіне мемориалдық тас ашылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close