Жаңалықтар

Сара Назарбаева тегін ауыстырды

БАҚ беттерінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қыз кезіндегі тегін алғаны туралы ақпарат тарады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мысалы, Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес Сара Алпысқызының  атына » Сара Алпысқызы Назарбаева» жеке кәсіпкерлігі тіркелген. Бір қызығы,
оның басшысы ретінде  Сара Алпысқызы Қонақай көрсетіліпті. Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрғанға дейін оның тегі «Қонақай» болған екен.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесі бұзылғаны туралы ресми мәлімдемелер ешқашан болған емес. Ал Назарбаев қорының ресми сайттарында және тұңғыш президенттің nazarbayev.kz ресми сайтында Сара Алпысқызы әлі күнге дейін оның жұбайы екені туралы ақпарат көрсетілген.

«Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы 2018 жылдың 15 сәуірінен бастап желідегі парақшаларын жаңартпаған.  82 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының ортақ  үш баласы бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.