Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

0
(0)

Өткен жылы қыркүйек айында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев және облыстық құрылыс басқармасының басышысы Тимур Басаров ұсталған болатын

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасарының кінәсі дәлелдеген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

“Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталса, ал ең бастысы, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек. Мен де осы заңға бағынамын. Сондықтан тиісті сот шешімі шықса, бәрін заң бойынша жасаймын”, – деді Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев және облыстық құрылыс басқармасының басышысы Тимур Басаров ұсталған болатын.

Оларға Күлсары қаласында жаңадан салынған емхана кешенін қабылдау туралы актілерге қол қойғаны үшін 185 миллион теңгенің парасын алды деген айып тағылды.

Екеуі де жаңа қызметте көп жұмыс істеген жоқ. Біреуі мамыр айында келсе, екіншісі маусымда тағайындалған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button