ӘлемдеЖаңалықтар

Антиваксерден антисекс кереуетке дейін: Токио олимпиадасы таңқалдырды

5
(3)
Токио олимпиасына қатысатын спортшылардың барлығы мынадай антисекс-кроватта жатады деп жазды танымал журналист Серғали Балажан фейсбук әлеуметтік желісіндегі Tokyo-2020: news and facts паблигінде. 
Оның жазуында Олимпиада ұйымдастырушылары спортшылардың жарыс кезінде жыныстық қатынасқа түспеуі үшін осындай жатын орындарын әзірлепті. Кровать небәрі 200 келіні көтереді, оған бір ғана адам сыяды. Ауыр салмақ түссе бірден сынып кететін көрінеді.
Аталмыш пост фейсбук парақшада қызу талқыланып, желі қолданушылары жаппай реакция танытуда. Мәселен, Табиға Абаилдаев есімді қолданушы «Нетуге болмайды» деп бөліссе, Ержан Тәліп есімді желі пайдаланушысы «Біздің қазақтар еденде жатып-ақ ісін тындыра береді ғой» деген пікір қалдырған.
Айта кететін жайт, биылғы Олимпиада 23 шілде күні басталып, 8 тамызда аяқталады. Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен 96 жолдама жеңіп алған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button