ЖаңалықтарТүркістан облысы

Миллиардтаған ақшаға салынған «Керуен сарайдың» қабырғасы пенопластан жасалған болып шықты

0
(0)

Түркістан биыл ғана ашылған «Керуен сарай» туристік кешенінің құрылысы сыр бере бастады. Қабырғалардың іші кірпіштен емес, пенопласттан жасалған болып шықты. Бұл туралы Шыңғыс Лепсібаев есімді фейсбук қолданушысы жазды.

Автор түркі әлемінің астанасында бой көтерген жаңа туристік кешеннің бір жылға жетпей жатып қабырғалары қирап жатқанын жазған.

«Түркістанның басты жаңа көрікті жері саналатын «Керуен сарай» кешені сапалы материалдан емес, жай ғана пенопласт пен сылақтан салынған. Менің ойымша, аймақ басшылығы мен барлық мердігерлер 10 жылға елден шықпау туралы қолхат беруі керек. Басқасы қажет емес, өйткені жаңбыр мен қыстың қарынан кейін мұндай көрікті жердің қирап қалатыны сөзсіз. Иә, әлі бірнеше жыл тамашалауға мүмкіндік бар», – деп жазды автор.

Өз кезегінде Керуен сарай туристік кешенінің баспасөз қызметі құрылыс жұмыстарында стандартқа сай материалдар қолданылғанын айтты.

«Керуен сарай кешенінің құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамадан мақұлданған, барлық ғимараттар арматуралық бағана мен газоблоктан тұрғызылған, сыртқы бөлігі қосымша жылыту және безендіру үшін ең жаңа технологияларды қолданып жасалған» – делінген хабарламада.

Кешеннің қираған тұстары жөнделіп жатқаны белгілі болды. Бірақ қабырғалардың неден жарылғандығы айтылған жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button