Алматы қаласыЖаңалықтар

Алматыда асфальт опырылып түсті

4
(2)

Алматының Төле Би көшесінде асфальт опырылып, жолда үлкен шұңқыр пайда болды.

Қалалық әкімдік бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Төле би – Өтеген батыр көшелерінің қиылысында асфальт опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды. Қазір «Алматы Су» компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін асфальт төселеді», – деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан.

Өз кезегінде «Алматы Су» кәсіпорны асфальт кешке дейін қалпына келтірілетінін атап өтті. «Бүгін кешкі сағат 22-ге қарай Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы жол қалпына келтіріледі. Алдын ала зерттеу деректері бойынша диаметрі 2 метрге жуық шұңқыр көше қиылысының астынан өтетін қалалық коллекторлық секция D -1000 мм еден плитасының бұзылуына байланысты пайда болды «, – деп толықтырды «Алматы Су» ММ.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button