Жаңалықтар

Асқар Мамин: Вакцинаны таңдау құқығы берілуі тиіс

0
(0)

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин вакцинациялауға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Baq.kz -ке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде ауру жұқтыру бойынша жағдайдың жақсарғаны байқалып отыр. Дегенмен 6 өңір «қызыл» аймақта. Бұл Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары, – деді Мамин.

Сонымен бірге Үкімет басшысы вирустың репродуктивтілік индексі 0,98 пайызды құрайды. Ауруханалардағы орындар – 36%, жан сақтау бөлімдері 28% толы екініне тоқталды.

Қазіргі таңда вакцинаның бірінші компоненті 1,9 миллионнан астам адамға, екінші компоненті 800 мыңға жуық адамға егілді. Сонымен қатар қоймалар мен медициналық ұйымдарда вакцинаның бірінші және екінші компоненттері жеткілікті көлемде бар, – деп Премьер-министр түсіндірді.

Вакциналардың қоры үнемі толықтырылып отырады. Вакцинациялау – жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

Өңірлерде вакциналауды арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Сондай-ақ адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуі тиіс. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау арасындағы интервалды нақты анықтап, халықтың қалауына назар аудару керек, – деді ол.

Сонымен қатар шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтеу топтарының жұмысын жалғастыру қажет.

«Ashyq» қосымшасын пайдалану оң нәтижесін беріп отыр. Соның арқасында қызметтер көрсету саласындағы бизнестің жұмыс істеу мүмкіндігі жақсарды, оларға келуші адамдардың қауіпсіздігі артты. Қосымшаны пайдалану салаларын одан әрі де кеңейту қажет, – деп Мамин Үкіметте айтты.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button