ЖаңалықтарТүркістан облысы

39 млн долларға салынған «Түркістан арена» төңірегіндегі дау

5
(1)

Түркістанда 39 миллион долларға салынған арена төңірегінде дау азаяр емес. Жасыл алаңы шылқыған су болған су жаңа нысанды фубол сүйерқауым, қоғам белсенділерінен бөлек, депутаттар да сынауға кірісті. Парламенттегілер қыруар қаржының неге жұмсалғанын анықтап, спорттық нысанды қайта тексеру керек деген пікір айтты. Қоғамда «Түркістандық LRT» атанған аренаға миллиондаған долларды Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары бөлгені рас па? Олай болса, шенеунік осынша ақшаны қайдан алды? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында айқай-шу шықты. Түркістанның «Тұран» мен «Астана» командаларының кездесуінде су жаңа «Түркістан аренаның» жасыл алаңы нөсерге шыдамай, шылқып су болған. Құрыылысына 39 миллион доллар жұмсалған су жаңа нысандағы су сорғылау жүйесінің қауқарсыздығы футболшыларды да ызаландырды.

Антонио РУКАВИНА, «Астана» ФК қорғаушысы:

Бүгінгі ойыннан кейін маған Қазақстанның футбол лигасының бір бөлігі болу ұят. Бұл біз екі ұпай жоғалтқаннан емес, жоқ. Барлығы құны 40 миллион еуро стадионның кесірінен. Бүгін-ертең ойынды бүкіл әлем көріп, футболымыздың жағдайы сорлы екенін көреді. Ертең барлығы мазақ етеді. Негізі осылай болу керек пе?».

Жергілікті билік жасыл төсеменің мұндай жағдайға жетуі жауын-шашынның бір айлық көрсеткішінің түсуінен деп ақталуда. Ал, құрылысты жүргізген «BI-Group» нысанға тапсырысты «Самұрық – Қазына» берді дейді. Ұлттық әл-ауқат қоры Айдын Рахымбаевтың қоластындағыларға арена FIFA-3 талабына сай, яғни ел біріншілігін өткізе алатындай болуы тиіс депті.  Құрылысшылар солай жасадық, квазимемлекеттік сектор өкілдері оны қабылдады дейді. Алайда, депутат Азат Перуашев нысанды тексеруді талап етуде.

Әлеуметтік желіде «Түркістан арена» сыйымдылығы да сөз болуда. Құны 39 миллион доллар құраған спорт нысанында 7 мың орын бар. Демек, бір орын  5500  долларды құрайды. Ал, осыдан 7 жыл бұрын салынған Түркияның «Сивас аренасына» 27 мың адам сияды. Оған небәрі 21 миллион доллар жұмсалыпты. Демек, бір орынға 744 доллар кеткен.

«Вот так выглядит арена изнутри. Многих смущает пространство».

«Түркістан арена» құрылысына «Самұрық-Қазына» тапсырыс бергенімен, қаржыны «Нысандар құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қоры бөліпті. Мұндай ақпаратты «Liter.kz» сайтына берген жауабында «BI-Group» өкілдері келтірген. Демек, 39 миллион долларды небәрі бес жұмысшысы бар, шағын кәсіпорын өз қалтасынан бөліп берген. Ақшасы көп ұйымның қызметін қазбалай келе мынадай қызық жайтқа тап болдық. 2019 жылы аренаны салу туралы шешім қабылданғанда, корпоративтік қорды Жетпісбаев Арман Шәріпбайұлы деген адамның басқарғанын байқауға болады. Яғни, Түркістан облысы әкімінің қазіргі бірінші орынбасарымен толық аттас жан. Шенеуніктің өмірбаянында 2019 жылы ол осы шағын кәсіпорында директор болғаны да келтірілген. Қоғамда «Түркістандық LRT» атанған жобаға ақшаны әкімнің орынбасары бөлді ме, солай болса, қаржыны қайдан алғанын білу үшін хат та жолдадық. Хатымыз жауапсыз қалмайды деп сенеміз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button