ЖаңалықтарШымкент қаласы

Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 11 жағдай тіркелді

0
(0)

Ауру жұқтырған азаматтар жеке-жеке 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 жылы туған Шымкент қаласының тұрғындары.

Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты үш ошақ анықталды: «Самал-2» шағынауданы, «Тассай» тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.
18.04. 2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close