АймақтарЖаңалықтар

Павлодарлық 65 тұрғынға айыппұл салынды

0
(0)

Павлодарда медициналық маскасыз көшеде жүрген 65 тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық полиция ақпарат таратты. Ал заңға бағынбай қарсылық танытқандар 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынуда, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Полицейлер түнгі сағат 11-де 28 жастағы екі тұрғынды ұстады. Олар карантин режимін елемей, қорғаныс құралынсыз көшеде жүрген. Заң бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Ал Тереңкөл ауданында маскасыз жүрген 2 ауыл тұрғынына сот шешімімен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Біләлова.

Айта кетейік өңір дүйсенбіден бері карантинге жабылған. Осы аралықта 190-нан астам адам режимді бұзғаны анықталды. Олардың 39-ы қамауға алынса, 115-і айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close