Жаңалықтар

Шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырған

0
(0)

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың арасында ҚР ҰҚК шекара қызметі академиясының курсанттары да бар.

Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда»,– деді Тілеухан Әбілдаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close