Жаңалықтар

Ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы қайтыс болды

Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазиннің анасы қайтыс болды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақынның әріптес достары жазды.

Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да «жарық жалғанға қош айтыпты» деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айрылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Серікзат досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!, – деп жазды журналист Нұртай Лахан .

Айта кетейік, биыл қыста ақынның  16 жастағы ұлы Әлихан Мақсұт оқыс жағдайда көз жұмған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.