Жаңалықтар

Азиялық піл құтқарылды

13 наурыз күні Юньнань өлкесі Сишуанбаньнада бір азия пілі кездейсоқ шалшық шұңқырға құлап кетті, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Жағалаудағы үйірлі пілдер оны бірнеше рет құтқаруға тырысқанымен, нәтиже болмады. Шұңқырға құлаған піл барған сайын батып бара жатқанын көріп, ауылдағылар полицияға қоңырау шалды. Полиция тиісті бөлімдерге хабарласып, айналадағы адамдарды сейілтті. Құтқарушылар пілді шошытып алмау үшін, балшық шұңқырдың жанын экскаватормен көлбеу қазып, батып қалған пілді аман-есен шығарып алды.

Жұртты таң қалдырғаны, қатерден құтылған піл өзін құтқарып қалған экскаваторға қарап, «мұрнын бұлғап», өз жолына түсті. «Піл өте сезімтал. Оның мұрнын бұлғағанынан бізге алғыс айтып тұрғанын сездім», – деді экскаватор жүргізушісі.

Мәліметтерге сәйкес, құтқарылған піл үйірімен бірге табиғи қорыққа аман-есен оралыпты.

Фото: Kaz.people.cn

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.