Жаңалықтар

Олжас Сүлейменов қорғаныс министрлігінің биылғы жобасымен тегін оқуға түсетініне қуанды (видео)

Мерзімді қызметтегі сарбаз қатардағы жауынгер Олжас Сүлейменов Түркістан қаласының тумасы. Қазір ол Аягөз гарнизоны Қабанбай батыр атындағы танк құрамасында қызмет етеді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Әскердегі қызметінің тең жартысын артта қалдырған жауынгерлік машықты үйреніп, өзінің штаттық Т-72 танкін еркін меңгергенін айтады.

Бүгінгі кейіпкеріміз Олжас жоғары оқуға ақылы түрде түсіп, университет қабырғасында жүргенде әскерге шақыру билеті келеді. Содан бірінші курсты аяқтап, ол еш ойланбастан әскерге барамын деп шешеді. Мұндай шешімге келуіне әкесі мен ағаларының «Ер азамат Отан алдындағы борышын өтеп, әскери өмірді көріп, қиындыққа төзіп, шыдамдылыққа үйренуі керек. Антына адал болуы қажет» деген сөздері әсер етсе керек.

Өзінің айқын мақсаты мен арманына сене білген Олжас қазіргі уақытта әскери өмірдің қыр-сырын меңгерген, нағыз сарбаз атанды. Сонымен қатар  қатардағы жауынгер Олжас Сүлейменов  Қорғаныс министрлігінің биылғы жаңа жобасы университетке тегін оқуға түсуге болатынын естіп қатты қуанғанын да айтты. Ол ендігі кезекте әскери борышын абыроймен атқарып, университет қабырғасындағы оқуын  тегін жалғастырамын деп жоспарлап отыр.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп әскери өмірдегі темірдей талапты өсиет етіп кеткен батыр, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының осы бір қанатты сөзін өмірлік ұстанымы еткен қатардағы жауынгер Олжас Нұрғалиұлы  өзінің қатарлас достарын азаматтық борышын өтеуден қашпай, әскер қатарына келуге шақырады. Өйткені,  әскер бойымызды батырлыққа, адалдыққа, шыдамдылыққа, мақсатқа жете білуге үйрететін – нағыз ер азаматтар шыңдалатын өмір мектебі деп есептейді. Осындай өмір мектебінен тәлім алып, болашаққа нық қадам жасап, өзінің Отан алдындағы борышын өтеп жатқанын мақтан тұтады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.