Жаңалықтар

Тылсым дүние!Көлсайда елес суретке түсіп қалды: «Неміс әскерлеріне ұқсайды»

4.1
(136)

Белгілі болғандай, тылсымға толы фото Жалаңаш пен Ақай Нүсіпбеков ауылының ортасындағы питомник маңында түсірілген көрінеді.

Алматы облысы Көлсай ауылында белгісіз елес суретке түсіп қалды деп хабарлайды newroom.kz. порталы Paryz.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің facebook-парақшасында жазды. Автор Көлсай ауылының тұрғындары ауылға Премьер-минстр келеді деп он күннен бері алашапқын болып жатқанын айта келе, қызықты фотолар жариялаған.

Айтпағым Үкімет басшысының сапары емес. Астанадан мәртебелі меймандар келе жатыр деп жол жиегіндегі арам шөптерді шауып жүрген ауыл тұрғындары тылсым күшке тап болыпты. Фото-отчет жіберу үшін жұмыс барысын фотоға түсірген. Сол суретке неміс әскерлеріне ұқсайтын елес түсіп қалыпты. Фотошопқа ұқсамайды, – деп жазады ол.

Белгілі болғандай, тылсымға толы фото Жалаңаш пен Ақай Нүсіпбеков ауылының ортасындағы питомник маңында түсірілген көрінеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 136

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button