Жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімінің экс-бірінші орынбасары Қармақшыға әкім болды

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің су жаңа баспасөз хатшысы Абай Тағыбергеннің фейсбук сторисіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлап отыр. 

Шымкент қаласы әкімінің экс-бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Қызылорда облысының Қармақшы ауданына әкім болыпты.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің су жаңа баспасөз хатшысы Абай Тағыбергеннің фейсбук сторисіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлап отыр.

Қайрат Нұртай ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаменті, ҚР Президенті Кеңсесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2015 жылдың 26 қаңтарынан – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары,
2018 жылдың 4 шілдесінде – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.