Жаңалықтар

ШҚО-да жоғалып кеткен балалардың мәйіті табылды

5
(2)

17 мамырда 13.40-та Үржар ауданының полиция бөліміне Елтай ауылында 3 жасар екі ұл баланың жоғалып кеткені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі Айқын басылымына сілтеме жасап. 

Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. Жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да балаларды іздестірді. Үйден 350 метр қашықтықтағы бау-бақша суаратын арықтан балалардың өлі денесі табылды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button