Жаңалықтар

БҚО-да 400 киік қырылып қалды

1
(1)

Батыс Қазақстан облысында киіктер қырылуда. Өңірдің Жәнібек ауданында 372 киіктің өлі денесі табылды. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жансыз ақбөкендердің ойпаңда бір қатарда жатқанын байқалады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал, оқиға орнына дереу жеткен жауапты мамандар «Қызыл кітапқа» енген киіктердің арам қатуына не түрткі болғанын анықтап жатыр. Мамандар мұндай жағдайға қолайсыз ауа райы себепші болуы мүмкін деп топшылауда. Өйткені, киіктер жаппай қырылған жерде жақында нөсер жаңбыр жауып, найзағай түсіпті. Ал өлекселерден найзағай тоғы соққан белгілер байқалған. Ветеринарлар қосымша сынамалар алып, сараптамаға жіберіп жатыр екен.

Серік МӘЖЕНОВ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы

Арам қатқан ақбөкендердің саны 372-ге жетті. Оның үшеуі ұрғашы. Қалғандары әлі буыны қатпаған жас киіктер. Дәл осы жер дала жануарларының төлдейтін тұрағы. Бүгінде Жәнібек ауданында қызыл кітапқа енген 200-300 мың бас киік бар. Өлекселерді мұқият тексеріп шыққан мамандар жануарлардың денесінен күйген іздерді байқаған. Бұған дейін аймақта киіктердің найзағайдан қырылу дерегі тіркелген жоқ. Анық-қанығы сараптама қорытындысынан соң белгілі болады».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button