ЖаңалықтарШымкент қаласы

Шымкенттік ветеринарларға дәрі-дәрмекті өз қаржысына сатып алуға мәжбүрлеген кім? 

5
(1)

 

Шымкентте жұмыссыз қаламыз ба деген ветеринарлық дәрігерлер шу шығарды. Онсызда мардымсыз айлыққа күнелтіп жүргендерге апта бұрын жұмыстан шығасыңдар деген хабар келген. Аяқ асты абдырап қалғандарға басшылық тарапынан түсінідіру жұмыстары да жүргізілмеген. Ал, жауапты шенеуніктер қысқарту жұмыстарын президент пәрменін жүзеге асырып жатырмыз деп ақталып бақты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ветеринарлық дәрігерлерден бірнеше аптадан бері маза қашқан. Себебі, жұмыстан қысқарасыңдар хабар алғанан кейін не істерлерін білмей қалған. Онсыз да аз ғана айлықтарын шайлықтарына әрең жеткізіп жүргендер, енді ол да арман болып қала ма деп қорқады.

Әшірбек ЖОЛДАСОВ, ветеринарлық дәрігер

Егер қысқартатын жағдай болса, мен үлгере алмаймын. Егер мен шығып кететін болсам орыныма келген тем более үлгере алмайды. Вообще қиын болады».

Шамадан тыс жұмыс істеп жатқандарыңыз жалақсыларыңызға әсер ете ма?
Ай жоқ, ешқандай әсер етпейді. Жаңағы окладымыз бар. Мен өзім вет врачпын жоғарғы білімді. Маған берілетін 100 мың теңге айлық. Болды».

Сондай-ақ, мал дәрігерлері мекеме тарапынан берілуі тиіс керек-жарақ заттардың біреуінде алмайды екен. Тек «аш құлақтан тыныш құлақ» деп өз қаражаттарына сатып алатын көрінеді. Тіпті, жыл сайын қаңтар және ақпан айларында белгісіз себептермен жұмыссыз қалады екен. Сөйтіп, 2 ай бойы жалақыдан қағылады. Ал, еңбек демалысының ақшасын тек түсімізде көреміз деп отыр.

Әлішер ЖЕҢІСБЕК, ветеринарлық дәрігер

Бізге жұмысқа кіргенімізге мысалы 5-6 жылдан бері перчатка, маска дегенді қалтамыздан сатып алып жүрміз, мекемеден берілген емес. Негізі беріліп жатыр дейді? Қалағанынан сұраңыз бәрі айтып береді».

Ал, жауапты шенеуніктер қысқартуды Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіп жатырмыз дейді. Бірақ, ветеринарлық дәрігерлер мүлдем қысқартуға ілінбейді деп ант-су ішті. Десе де, мекеменің әкімшілігінде жұмыс істейтін 25 пайыз қызметкер жұмыссыз қалады. Ал, тиісті басқарма басшысының орынбасары керек құрал-жабдықтарды бергенбіз деп ақталып бақты. Алайда, жыл сайын қанша қаражат бөлінетінен бейхабар болып шықты.

Нұрсұлтан  КЕНЖЕБАЕВ, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Шымкент қаласы алты бекетке бөлінген. 6 бекет меңгерушілері өздеріне тиесілі жаңағы айтып жатқан, перчаткасын басқа да құрал-жабдықтарын бәрін қол қойып, түгелімен қабылдап алған болатын».

Қанша ақша бөлінген?
Мен сізге точна қанша ақша екенін айта алмаймын»

Жиналғандардың айтуынша, еліміздің қалған өңірлерінде ветеринарлық дәрігерлер Ауыл шаруашылығы министрілігіне қарайтын ветеринарлық станцияның құрамына кірген. Ал, шымкенттік шенеуніктер бұл жұмысты атқаруға құлықсыз көрінеді. Мамандар, басшылыққа төтесінен қойған талаптары жуық арада орындалмаса, жоғарғы жақа шағымдануға дайын екеніндерін жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button