Жаңалықтар

Президент 68 жасқа толды

5
(2)

Бүгін, 17 мамырда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 68-ші туған күнін атап өтуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматыда әйгілі жазушы Кемел Тоқаев пен мұғалім Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келген. 1970 жылы Тоқаев оңтүстік астанадағы № 25 орта мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түседі. 1992 жылы Ресейдегі Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралып, 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды.

1992 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалып, бір жылдан кейін сол министрлікті басқарды. 1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып, сол жылдың қазан айында республиканың премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

2002 жылдың қаңтарында ол отставкаға кетті және кейіннен мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалып, 2007 жылдың қаңтарына дейін қызмет етті.

2007 жылы ол парламент сенатының төрағасы болып сайланды. 2011 жылы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі болып тағайындалды. 2013 жылдың қазанында ол Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болып қайта сайланды.

Тоқаев бұл қызметті келесі алты жыл бойы атқарды. 2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев билікті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына бере отырып, өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Сол жылдың 20 наурызынан бастап Тоқаев Қазақстанның қазіргі президенті қызметін атқаруда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button