ЖаңалықтарМедицина

Көк тұмау

5
(1)
Кейінгі кезде тұмау десе үрке қарап, үрпиісе қалатын болдық. Бұған кейінгі ширек ғасырдағы «құс тұмауы», «шошқа тұмауы», «эбола», «ковид» секілді тұмау мен вирустар себеп болса керек. Ал көк тұмаудан билік болмаса, халық әсте қорқа қоймайды.
Көк тұмаудың отаны Америка құрама штаттары. Оның өзінде барлығы емес, кейбір штаттары деп нақтылауымыз қажет. Көк тұмау деп полиция өкілдерінің әлденеге наразы кейіппен жасаған акциясын атайды. Американың көп штаттарында полицияның ереуілге, пикетке шығуына рұқсат жоқ. Жұмысқа тұрарда бұның басын ашып, шешімін шығарып қойған. Шықтың екен, заң алдында жауап бересің. Жұмыстан шығып қалуың да мүмкін. Сол себепті де, полиця өкілдері ереуілдің бейбіт жолын ойлап тапты. Мегополистердегі наразы полициялар бір күнде, бір сағатта ауырып тұрғаны жайлы арыз жазады да, жұмысқа шықпай қояды. Ал АҚШ заңында полиция өкілдерінің ауыруына тыйым салатын бап жоқ. Көк тұмау дегеніңіз осы.
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ
Дереккөз: Arqa Aqshamy

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button